Қала туралы

Қарағанды қаласы Қазақстанның ірі индустриалды- өнеркәсіпті және мәдени облыс орталығы болып табылады.1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі БОАК Президиумының қаулысымен қала мәртебесін алды.

Қарағанды қаласынан ел жүрегі Астанаға дейін -222 км. Қала аумағы 497,8 шаршы км құрайды. Халық саны 2012 жылғы 1 қаңтарға 475,2 мың адам.. Әкімшілік – аумақтық құрылымы екі ауданнан тұрады: Қазыбек би атындағы ауданда 266,43 мың адам және Октябрь ауданында  231,37 мың адам түрады. Қала аумағында 113 ұлт өкілдері тұрады. Қарағанды қаласының жер бедері аумағы Қазақтың ұсақ шоқылы аймағына кіреді де Теңіз –Балқаш су айрығы кеңістігінде жатыр. Тұтасымен алғанда телімнің жер бедері ұсақ шоқылы толқынды жазық болып келеді. Солтүстігінде аласа ұсақ шоқылар кездеседі. Өзге жері жазық дала.

Гидрографиялық торабы Кіші және Үлкен Бұқпа , Соқыр, Солонка, Ащылыайрық өзендерімен, Федоровка су қоймасымен , Орталық демалыс және мәдени бағының көлі және төрт Көгілдір тоғаннан тұрады. Қаланың ауа райы ыстық құрғақ жаз бен қатал ұзақ қыс айларымен сипатталады. Қарағанды қаласының экономикасы индустриалдық жағынан мамандандырылған, басым салалар ұқсатушы, кен өндіру, электр энергиясын өндіру және тарату болып табылады.

Жетекші өнеркәсіп орындары : «Қарағанды-Жылу» ЖШС, «Қарағанды-Жарық» ЖШС, "Евразиан Фудс"АҚ, «Корпорация Қарағанды-Нан» ЖШС, "Эфес Қарағандаы сыра қайнату заводы" АҚ БК, «Қарағанды конфеттері» АҚ, «Қарағанды-Су»ЖШС, "Қарағанды металл конструкциялары заводы- Имсталькон" ЖШС, "Сантехпром" ЖШС.

Қалада 13730 шаруашылық субъектісі тіркелген, соның ішінде 9707-сі жұмыс істейді. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында  102.423 адам жұмыспен қамтылған. 2011 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі   154,5 млрд. теңге құрады.

Ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсатумен «Корпорация Қарағанды-Нан» ЖШС, «Қарағанды астық қоры» ЖАҚ, «Фирма Ақнар» ЖШС, «Мәди» ЖШС, «Фирма Номад»ЖШС, «Бериев» ШҚ, «Қарағанды сүт комбинаты» ЖШС, «№1Қарағанды Ет комбинаты» ЖШС, «Тұлпар» ЖШС және т.б. айналысады.

2010-2015 жылдарға арналған Үдемелі индустриальдық – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында қалада 15 тен астам жоба орындалды.

     2012 жылы облыстың индустриаландыру картасына енгізілген, құны 33 млрд. теңгеден астам тағы 4 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.



Пайдалы сілтемелер