Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері

 

«Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

1. «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес әзірленді және құндылықтар мен моральдық бағдарлар жүйесін құру жолымен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалына қол жеткізуге бағытталған.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ.

3. Қарағанды қаласы аймағындағы жеке кәсіпкерлікті  қолдау және дамыту саласын, өнеркәсіп, индустриалды-инновациялық саясат, инвестициялық қызмет, сыртқы экономикалық байланыстар және туризм, кәсіпкерлік қызметінің жеке түрлерінде, сонымен қатар ауыл шаруашылық саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыс істейтін адамдардың (іс-әрекет) қағидалары.

3.1. Құқықтар мен заңды мүдделерді іске асыру кезінде:

- кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлықпен түйіндескен немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға не кез келген әрекеттерге жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың кез келген фактілерін тоқтату;

- сыбайлас жемқорлық көріністеріне негізсіз жария айып тағылған кезде осындай айыптау анықталған күннен бастап бір ай мерзімде оның теріске шығару жөнінде заңда көзделген барлық шараларды қолдану;

- өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде заңдылықты, адалдықты, тұрақтылықты және айқындылықты сақтау қағидаттарына негізделген, құқықтық мәдениетті қалыптастыру;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы дәйекті ақпарат бойынша осындай құқық бұзушылықты жою және тоқтату жөніндегі барлық қажетті шараларды қолдану;

- техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету және жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз ету кезінде жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру қағидасын ұстану.

3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

- өз іс-әрекеттерімен және шешімдерімен жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеу. Мұндай фактілер анықталған жағдайда оларды жою бойынша заңда көзделген барлық шаралардықолдану;

- жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланбау;

- мүдделер қақтығысын болдырмауға шаралар қолдану.

3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде.

- алдыңғы себептер туғызатын сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға қабылданатын ішкі құжаттарға талдау мен сараптама жүргізу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және бұрын қабылданған ішкі құжаттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу. Оларда сыбайлас жемқорлық факторларының бар болуы анықталған жағдайда оларды жоюға шаралар қолдану.

3.4. Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:

Бағынышты қызметкерлермен қарым-қатынастағы басшыларға ұсынылады:

- өзінің мінез-құлқының турашылдығымен, әділдігімен, адал ниеттілігімен, адалдығымен, тұрақтылығыменүлгі көрсету;

- кадр мәселелерін шешу кезінде, меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету, туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеу;

- олардың қызметінің нәтижелерін бағалау сондай-ақ көтермелеу және жаза шараларын қолдану кезінде әділдік және объективтілік таныту;

- қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;

- құқыққа қарсы іс-әрекеттерді сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сыйыспайтын әрекеттер жасауға мәжбүрлемеу.

Басшыларымен қарым-қатынастағы бағыныштыларға ұсынылады:

- тапсырмаларды орындау кезінде тек объективті және дәйекті мәліметтерді ұсыну, басқа да қызметкерлер, контрагенттер немесе өзге де тұлғалар әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық туралы өздеріне мәлім болған жағдайда басшылықты дереу хабардар ету;

- басшылыққа қатысты жеке басына берілгендік, олардың лауазымдық мүмкіндіктер есебінен пайда мен артықшылық алуға ұмтылу көріністеріне жол бермеу.

4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар: Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген қызметтерді іске асыру;

- жақын туыстары мен жекжаттарының, ерлі-зайыптылардың бірлескен қызмет (жұмыс) жасауына жол бермеу;

- мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми жариялауға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпараттарды пайдалану;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттігін орындалуына байланысты сыйлықтар қабылдау.

 

Вопросы противодействия коррупции

В ГУ «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Караганды» работает телефон доверия. Вы можете сообщить по телефону 8 (7212) 42-04-13 информацию о фактах нарушения законов «О государственной службе», «О борьбе с коррупцией», норм Кодекса чести государственных служащих, а также по вопросам необоснованного роста цен на социально-значимые продукты питания.

Мобильные группы по противодействию коррупции прокуратуры Октябрьского района и района имени Казыбек би города Караганды

В случае проведения незаконных проверок и других противоправных действий со стороны контрольного-надзорных органов и должностных лиц государственных органов просим сообщить по телефонам доверия:

1.Прокуратура района имени Казыбек би города Караганды:79-29-41, 8702-175-04-25.

2.Прокуратура Октябрьского района города Караганды: 87212-79-14-07, 8775-535-57-77, 8701-544-06-18».

Call-центр по противодействию коррупции

В Национальном бюро по противодействию коррупции Министерства по делам государственной службы Функционирует Call-центр, основной задачей которого является бесплатная консультационная поддержка граждан по вопросам противодействия коррупции и прием телефонных сообщений о коррупционных правонарушениях.

Дозвон абонентов Call-центр осуществляется по номеру: 1424 (звонок бесплатный) с городских телефонов и со всех операторов сотовой связи по всей Республике.

 

 

 

 

 



Пайдалы сілтемелер