Индустриализация картасы

Көкөністер Индустриализация Картасына кірген, 3 га жылыжай кешенін салу «Green Technology» ЖШС Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдардағы индустриалдық-инновациялық дамуы Мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс істейді. Жылыжайларды салудағы мақсат – шағын көлемді технологияларды пайдалана отырып жыл бойы көкөністер өндіру. Құралдарды «Агрисовгаз» (Ресей) және «Рейк Цваан» (Нидерланды) компаниялары жеткізеді.

Толығырақ
Қарағанды қ-сы, Резник к-сі, 5. Бидай, ұн, комбикорм. «Қарағанды мелькомбинаты» мекемесіҚазақстанның ең жасы үлкен өндіріс орындарының бірі болып табылады, 2011 жылы 24 қазанда бұл мекемеге 70 жыл толды. Осы жылдар ішінде мекеме дамудың барлық сатысынан өтті; қазіргі ұжым әрі қарай әлі де сақтап, жалғастыра беретін аса үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Осындай үрдістердің бірі – шығарылатын өнімнің қайталанбас, жоғары сапасы. Мекеме үнемі даму үстінде: өнім өндіру артуда, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды меңгерді, басқару жүйесі дамыды, сапа жақсарды, өндіру нарығының жаңа шыңдарын бағындырды. Өнімнің жоғары сапасы, тұтынушылармен, жеткізіп берушілермен ұзақ мерзімді, тұрақты бірлесе жұмыс атқару, сервисдік қызмет көрсету және үздік репутация – бұлардың барлығы «Қарағанды мелькомбинаты» мекемесін облыстың басқа да салалардағы мекемелерінен артық қоятын басымдықтары болып табылады.

Толығырақ
Қарағанды қ-сы,Гоголь к-сі 2/23. ет. 2011 жылы Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған индустриализация Картасы Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ««Арай KZ» ЖШС ет өңдеу кешені» жұмысқа қосылған болатын. Мекеме «BONNER» болгар фирмасының жаңа үлгідегі құралдарымен жабдықталған, олармен «Еуростандарттың» жоғары сапасына сай келетін жоғары класты ет өңдеу жұмыстарын жасауға болады. Мекеменің лицензиялы ветеринарлық лабораториясы санэпидемстанциялармен және ветеринарлық инспекциямен келісім-шартқа отырып жұмыс істейді, яғни мұндай іс-әрекет «Халал» технологиясымен жасалатын өнімдердің жоғары сапасына және қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Толығырақ
Қарағанды қ-сы, Бұқар жырау д-лы, 22 Электрлік және жылу энергиясы «Қарағанды энергоорталығы» ЖШС Қарағанды қаласының өндірістік кәсіпорындарын, оның мыңдаған халқын электрлік және жылу энергиясымен қамтамасыз етуші негізгі өндіруші мекеме болып табылады. Мекеменің электрлік қуаты 415 МВт-ты, жылу қуаттылығы – сағатына 970 Гкал-ді құрайды.

Толығырақ
Қарағанды қ-сы, Олимпийская к-сі, 5 Полиэтиленді құбырлар «Трансұлттық компания «ТИАТР» ЖШС полиэтиленнен жасалған, қысымға төзгіш, су тасымалдайтын, сұйық газ тасымалдайтын құбырлар жасаумен, суық су құбырларын жөндеумен, орталық кәріз жүйесін жөндеумен айналысады. Біздің компанияның іс-әрекетінің негізгі түрі диаметрі 90 мм-ден 800 мм-ге дейін жететін полиэтиленнен жасалған қысымға төзімді құбырлар жасау. Біз құбыр өндіруде «Донг СонгГиён.Кимфо» Оңтүстік-Корей компаниясының және Krause Mafai неміс компаниясының жоғары технологиямен жасалған полимерлік материалдарын – HDPE (төменгі қысым), маркасын, ПЭ100 маркасын пайдаланамыз. Бұл маркаларды азия нарығында Dealim Industrial Co., Ltd. Оңтүстік-Корея жетекші өндірушілері шығарады.

Толығырақ
Қарағанды қ-сы, Заводская к-сі, 19/2 Полиэтиленнен жасалған заттар «КазПласт» ЖШС полимерлерді ротациялық формалау тәсілімен ірі көлемдегі полиэтиленді заттар өндірумен айналысады. Құны 150 миллионды құрайтын жоба индустриализация Картасына бекер кірген жоқ: мекеме республика үшін аса маңызды өнім шығарады – балалар сырғанақтарын, кәріз жүйелерін, жол жиектеріне қойылатын кедергілерді, конустарды, түрлі көлемдегі сыйымдылықтарды жасайды. Мекемеде заманауи құрылғылар орнатылған, олар ротационды формалау тәсілімен жылына 390 тоннаға дейін полимер өндіруге мүмкіндік береді.

Толығырақ
Қарағанды қ-сы, Октябрь ауданы, «Теміртау-Қарағанды» трассасы, «Испат-Кармет» теннис кортынан 12 км жерде орналасқан Ауыр және тау-кен өндірісі үшін Caterpillar сауда белгісінің құрал-жабдықтары мен техникаларының барлық түрлерін реализациялау мен сервиздеу «Борусан Макина Казахстан» компаниясы 1999 жылдың маусым айында құрылған, және ол Caterpillar Inc. (АҚШ) компаниясының Қазақстан Республикасы мен Қырғызстандағы арнайы дилеры болып табылады, фирма әлемдік атқа ие болған, сапа мен сервисдің жоғары стандарттарына толықтай жауап беретін құрылыс және тау-кен құралдарын жасайтын жетекші кәсіпорын болып табылады. Caterpillar құрал-жабдықтары түрлі салаларда, жүк түсіру жұмыстарында, қазба жұмыстарында, мұнай бизнесінде пайдаланылады.

Толығырақ
Қарағанды қ-сы, Сәкен Сейфулин д-лы, 105 TREI-5B контроллерлерін жасау «ТREI-Қарағанды» ЖШС – қазақстандық өндіруші мекеме, ол 9 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасы автоматтандыру нарығында жұмыс істеп келеді. «TREI-Қарағанды» ЖШС негізгі іс-әрекеттерінің бірі TREI-5В модуліндегі есептеуіш-өлшеуіш құралдарын фирманың өз базасында жасап шығару. Компания отандық тауар өндіруші болып табылады, оны СТ-KZ сертификаты дәлелдейді, компания жеке меншікті конроллерлер жасап шығарумен айналысады, сондықтан қазақстандық тауар өндірушілердің Реестріне кірген.

Толығырақ
Қарағанды қ-сы, Октябрь ауданы, 104 есеп кварталы, 784 құрылым арнайыландырылған ауыл шаруашылығы ұшақтарының «Фермер» сериясы Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған форсирленген индустриалдық-инновациялық даму Мемлекеттік Бағдарламасына сәйкес 2011 жылы Қарағанды қаласында индустриализация Картасы шеңберінде «Каз-АвиаСПЕКТР» ЖШС ауыл шаруашылығы ұшақтарын өндіру жобасы қолға алынды.

Толығырақ
Қарағанды қ-сы, Складская к-сі, 20 Металлдан жасалған гофрирленген конструкциялар «Айқын жол» ЖШС 2010 жылдан бері Қазақстан Республикасында металдан жасалған гофрирленген конструкцияларды жасап шығаратын жалғыз өндіріс орны. Аталмыш жоба Қазақстан Республикасы инлустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасына кірген. Металдан жасалған гофрирленген конструкцияларды жасау технологиясы Қазақстан Республикасы үшін жаңаша бағыт болып табылады. Металдан жасалған гофрирленген конструкциялар (бұдан әрі МЖГК) автомобиль және темір жолдарда жасанды құрылымдар салуда заманауи технологияларды қолдана отырып, жаңаша құрылымдар салумен айналысады. Бұл конструкциялар темір-бетоннан жасалған құрылғыларға оңай бәсекелес бола алады.

Толығырақ
Қарағанды қ-сы, Ключевая к-сі 1 Жарық түсіргіш техникалық құралдары «РROLUX KZ LTD» ЖШС – Қазақстандағы бірінші жарықдиодты жарық түсіруші жүйе өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Шығарылатын өнімнің жоғары және кепілді сапасы, үздік менеджмент,клиенттерге жасалған тиімді де иілмелі жағдайлар – біздің жұмысымыздың басты критерийлері.

Толығырақ
Қарағанды қ-сы, Молоков к-сі, 112 Сыйымдылығы әртүрлі балондардағы газ қоспалары 2010 жылдан бері «КазИнМетр» РММ базасында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі және метрология мен техникалық реттеу Комитетінің ұсынысымен ірі жаңа жоба – Қарағандыда газ қоспаларын түрлі балондарға құю жұмыстары қолға алына бастады. 2010 жылға дейін Қазақстанда газ қоспаларын өндіру жұмыстары жүргізілмеген болатын. ҚР мекемелері газ қоспаларын Республикадан тыс аймақтардан, алыс және жақын шет елдерден әкелетін.

Толығырақ
Май өнімдері, майонез «Евразиан Фудс» АҚ (бұрынғы Қарағанды маргарин зауыты) Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азия аймағындағы май өндіруші компаниялардың көшбасшысы болып табылады. 2011 жылғы «Choice of the year Жыл таңдауы» Ұлттық байқауында «Евразиан Фудс» АҚ «Қазақстандағы №1 отандық май өнімдерін өндіруші» белгісін иеленді. 1971 жылы құрылғаннан бастап бүгінгі күнге дейін мекеме жұмыс стандарттарының тұрақтылығы себебінен өз бәсекелестерінен алда келе жатыр. Соңғы онжылдықты зауытта толық техникалық модернизация жасалды, жаңа әлемдік стандарттарға жауа беретін өнім өндіруге көмектесетін еуропалық өндірушілердің жаңа құрал-жабдықтары орнатылды. Өндірістің барлық үрдістері барынша автоматтандырылған. «Евразиан Фудс» АҚ өнімдері: бөлшектелген және таразыланған майлар, спредтер, маргариндер,құйма спредтер мен маргариндер, майонез, «3 желания» сауда белгісінің қышасы, сонымен қатар арнайыландырылған маргариндер мен «Золотой стандарт» сауда белгісінің майлары. Шығарылатын өнімнің үздік сапасы мен дәмі халықаралық және республикалық байқауларда бірнеше рет алтын медальдармен марапатталған.

Толығырақ
Қарағанды қ-сы, Орлов к-сі, 103БелАЗ техникасының бұрыштамалары мен агрегаттарын түбегейлі жөндеу.«КазБелАЗ» СП ЖШС негізгі жұмыс түрі «БелАЗ», «МоАЗ»,техникасының бұрыштамалары мен агрегаттарын түбегейлі жөндеу, олардың артық бөлшектерін жасау, жер асты және қазба жұмыстарына керекті, қазақстандық үлгідегі «БелАЗ» және «МоАЗ» техникаларын жасап шығару.

Толығырақ



Пайдалы сілтемелер