Жаңалықтар

  • 15.07.2019

2019 жылдың шілде айының 13 жұлдызында С. Сәпиев атындағы бокс орталығында өндірістік тауарлар, халыққа арналған өнеркәсіптік тауарлар, өдірістік-техникалық мақсаттағы тауарлар номинациялары бойынша «Қазақстанның 2019 жылғы ең үздік тауары» жыл сайынғы аймақтық конкурс-көрмесі өтті. Қарағанды облысы бойынша барлығы 80 кәсіпорын қатысты.

Толығырақ  
  • 57
  • 26.06.2019

Қарағанды қаласының әкімдігі «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ бірлесіп «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықтың цифррлық сауаттылығын арттыру курстарын өткізеді. Мақсаты - әрі қарай оқу, жұмысқа орналасу немесе еңбек қызметін жалғастыру үшін ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы өз білімін жетілдіру қажеттілігін қамтамасыз ету.

Толығырақ  
  • 94
  • 19.06.2019

2019 жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп «Чек талап ет – сыйлық ұтып ал» акциясын өткізеді. Аталған акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

Толығырақ  
  • 96
  • 19.06.2019

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» №523 жарлығына сәйкес, Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәжірибені игеруге ынталандыру мақсатында жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу белгіленді. Меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.

Толығырақ  
  • 77
  • 18.06.2019

ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында ҚР-нан, сондай-ақ шет елдерден табысты кәсіпкерлер мен жаттықтырушылар өткізетін бизнесті жүргізудің қазіргі заманғы әдістеріне тегін оқытуды ұсынады.

Толығырақ  
  • 79
  • 22.05.2019

«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Отандық өңделген тауарларды ілгерілету жөніндегі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығыстарының бір бөлігін өтеу қағидасына сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен шығындардың өтеу туралы өтініштерді 2019 жылдың 29 сәуірі мен 1 қараша аралығында қабылдау рәсімінің басталуы туралы хабарлайды.

Толығырақ  
  • 105
  • 02.05.2019

Еліміз туралы ақпаратты қазіргі заманғы және интерактивті форматта қолжетімді ұсыну мақсатында «Қазақстан – Ұлы Дала елі» мобильдік қосымшасы әзірленгені туралы хабарлаймыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстан туралы нағыз энциклопедиясы болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панормалар, инфографикалар мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ұсынылған.

Толығырақ  
  • 160
  • 30.04.2019

Елбасының тапсырмасы бойынша басым жобаларды қолжетімді несиелендіру міндеттерін шешу мақсатында «қарапайым заттар экономикасы» халық тұтынатын тауарлар өндірісін қолдау үшін 600 млрд. теңге бөлінді. Атап айтқанда, қаражат өңдеу өнеркәсібін (400 млрд.теңге), агроөнеркәсіптік кешенді және қайта өңдеуді (200 млрд. теңге) дамытуға және қолдауға бағытталған және ЕДБ арқылы жеңілдікті негізде берілетін болады.

Толығырақ  
  • 184




Пайдалы сілтемелер