2019 жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп «Чек талап ет – сыйлық ұтып ал» акциясын өткізеді.

Аталған акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

Акцияны өткізу кезінде елдің әрбір тұрғыны кез келген сатып алу немесе ақылы қызмет көрсету арқылы смартфонның иесі болуға мүмкіндік алады. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді төлеу үшін чектерді «таңдау» мобильдік қосымшасында тіркеу қажет. Акцияға деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының чектері (онлайн БКМ) қатысады.

«Чек талап ет – сыйлық ұтып ал» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде БКМ чектерін алған, 18 жастан асқан Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады.

Қатысушы мәліметтерін және алынған чекті тіркеу қажет «таңдау» тегін мобильді қосымшасы Google Play market және App Store-да жүктеу үшін қолжетімді .

Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмейді.

Акцияның толық шарттары мен қосымшасымен жұмыс істеу нұсқаулығын науқан сайтынан көруге болады. www.trebui.kz.

Қатысушылар арасында күн сайын акция өткізу кезеңінде 100 смартфон ойнатылады.

  • 19.06.2019
  • 47

Пайдалы сілтемелер