Қарағанды қаласының әкімдігі «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ бірлесіп «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықтың цифррлық сауаттылығын арттыру курстарын өткізеді.  

Мақсаты  - әрі қарай оқу, жұмысқа орналасу немесе еңбек қызметін жалғастыру үшін ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы өз білімін жетілдіру  қажеттілігін қамтамасыз ету.

Оқыту 2019 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында Қарағанды қаласының 46 білім ұйымының базасында 5 модуль бойынша өтеді:

1. Базалық цифрлық дағдылар;

2. Электрондық мемлекеттік қызметтер;

3. Ашық үкімет;

4. Электрондық сауда;

5. Ақпараттық қауіпсіздік негіздері.

Курспен қамтылатын халық:

- Жас ерекшелігінде шектеу жоқ;

- Халықтың барлық категориялары (зейнеткерлер, көп балалы аналар, жұмыссыздар, оралмандар және басқа азаматтардың санаты).

Курсты өткізетін мектептердің мекенжайлары мен байланыс телефондары www.kargoo.gov.kz Қарағанды қаласы білім бөлімі  сайтының «Цифрлық сауаттылықты арттыру» бөлімінде орналыстырылған.

  • 26.06.2019
  • 39

Пайдалы сілтемелер