2019 жылдың шілде айының 13 жұлдызында С. Сәпиев атындағы бокс орталығында өндірістік тауарлар, халыққа арналған өнеркәсіптік тауарлар, өдірістік-техникалық мақсаттағы тауарлар номинациялары бойынша «Қазақстанның 2019 жылғы ең үздік тауары» жыл сайынғы аймақтық конкурс-көрмесі өтті. Қарағанды облысы бойынша барлығы 80 кәсіпорын қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша Қарағанды қаласының кәсіпорындары келесі номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды.
1. «Малу» ЖШС - «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында (I дәрежелі диплом);
2. «Мутлу Экспорт» ЖШС - «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында (IІ дәрежелі диплом);
3. «MAKER» ЖШС - «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында (IІІ дәрежелі диплом);
Сонымен қатар, «BUSINESS –Әлеумет» Үздік әлеуметтік-бағдарлы кәсіпорын» номинациясында «ALEMGAZ» ЖШС және «Инновациялық жоба» номинациясында – «PROTOM» ЖШС марапатталды.
Қосымша, «Үлгілі салық төлеуші» номинациясында «Сарыарқа Нан Караганды» ЖШС маратталды.
Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі барлық жүлдегерлерді құттықтайды және жұмыста тұрақтылық пен табыс тілейді.
- 15.07.2019
- 145