«ЭКСПО-2017» халықаралық арнайы көрмесінің аясында (әрі қарай-Көрме) Қызылорда облысының әкімдігімен туристерді тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.

Көрменің негізгі маршруттарының тізіміне Қызылорда облысының басты туристік объектілері енгізілді - «Байқоңыр» ғарыш айлағы және «Қорқыт Ата» мемориалдық кешені.

Көрмені «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенінің аумағында өткізу кезеңінде, шет ел туристерін қазақ халқының әдет-ғұрпы және мәдениетімен таныстыратын Этноаул орналастырылатын болады.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының туристік әлеуетімен ұсынылған видеоматериалдан танысуға болады. 

  • 05.07.2017
  • 113

Пайдалы сілтемелер