Елбасының тапсырмасы бойынша басым жобаларды қолжетімді несиелендіру міндеттерін шешу мақсатында «қарапайым заттар экономикасы» халық тұтынатын тауарлар өндірісін қолдау үшін 600 млрд. теңге бөлінді. Атап айтқанда, қаражат өңдеу өнеркәсібін (400 млрд.теңге), агроөнеркәсіптік кешенді және қайта өңдеуді (200 млрд. теңге) дамытуға және қолдауға бағытталған және ЕДБ арқылы жеңілдікті негізде берілетін болады.

Несие беру шарттары бойынша қарыз мерзімі 7 жылды құрайды, қарыз алушылар үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 8% және кредиттің ең жоғары сомасын шектеусіз.

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы алаңында бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеу бойынша Жобалық кеңсе құрылды, оның мақсаты бизнес-жоспарды әзірлеу сатысынан оны қаржыландыруға дейін бизнес жобаларын сүйемелдеу, туындайтын проблемаларды шешуге мониторинг жүргізу және жәрдемдесу, жобаларды іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік қызмет субъектілерінде туындайтын проблемалық мәселелерді қарастыру болып табылады.

Осы бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін Сіз келесі координаттар бойынша хабарласа аласыз: «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі»: 8 (7212) 42-15-05, e-mail: guop_karaganda@mail.ru; Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы: 8 (7212) 50-64-16, 50-64-11, e-mail: a.momynbekov@atameken.kz; Қарағанды облысы бойынша «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ: 8 (7212) 41-15-58, e-mail: karaganda@fund.kz.

  • 30.04.2019
  • 138

Пайдалы сілтемелер