Еліміз туралы ақпаратты қазіргі заманғы және интерактивті форматта қолжетімді ұсыну мақсатында «Қазақстан – Ұлы Дала елі» мобильдік қосымшасы әзірленгені туралы хабарлаймыз.

Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстан туралы нағыз энциклопедиясы болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панормалар, инфографикалар мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен іскерлік топтардың өкілдері үшін таптырмайтын құрал болады.

Келесі сілтеме арқылы қосымшаны он-лайн режимінде қоса аласыз. (http://mfa.gov.kz/mobile/demos/index.html).

Cіз сонымен бірге қосымшаның толық нұсқасын файл түрінде жүктеп, кейіннен оны өзіңіздің компьютеріңізге орната аласыз. Жүктеу сілтемесі (http://mfa.gov.kz/Kazakhstan_08022018.zip).

Мобильді құрылғыны қолданушылар үшін қосымшаның App Store және Play Market нұсқалары ашық.

  • 02.05.2019
  • 174

Пайдалы сілтемелер