Конкурсқа қатысуға жоғары еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар отбасылар жіберіледі.

Конкурс өткізу ережесімен Қазақстан Республикасының «Әділет» Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында танысуға болады, http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1400000181.

Қатысуға қызығушылық білдірген жағдайда құжаттар (оның ішінде өтінім, отбасылық фотосурет, құжат тігілетін мұқаба) 2019 жылғы 29 сәуірге дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Н. Назарбаев д-лы., 39 каб. 508, байланыс телефоны: 42-14-12.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) ата-анасының (қорғаншыларының, қамқоршыларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешімінен үзіндінің көшірмесі – қабылдау (қорғаншылық) отбасылары үшін;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4) ата – анасының бірі қайтыс болған жағдайда қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі-бар болса;

5) балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеудің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеудің болуы туралы куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамасы мен мінездемесі;

7) ұсынымдар (әріптестер, көршілер, достар);

8) отбасы мүшелерінің жоғары еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері.

  • 23.04.2019
  • 102

Пайдалы сілтемелер