«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ (бұдан әрі - «ҚИДИ» АҚ) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 75 қаулысына сәйкес даму саласындағы экспортты дамыту және жылжыту бойынша ұлттық институт болып белгіленіп, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға (ҚР ИИДМ) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген, Отандық өңделген тауарларды ілгерілету мақсатында индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, «ҚИДИ» АҚ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен (экспорттаушылардан) отандық өңделген тауарларды жылжыту шығындарының бір бөлігін өтеу туралы өтінімдерді қабылдау рәсімінің басталуы туралы хабарлайды.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне тауарларды көтермелеу үшін шығындардың бір бөлігін өтеу мынадай түрлерде жүзеге асырылады:

1) шетелде жарнамалық тауарларға байланысты шығындар;

2) халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдерге тікелей қатысу құны;

3) шетел тілдеріне аудару және шетелге тарату үшін мамандандырылған каталогты жариялауға байланысты шығындар;

4) шетелдегі өкілдікті, бөлімшені және қойманы сақтау құнын;

5) шетелде тауар таңбаларын (брендін) тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізу шығындары;

6) тауарларды шетелде сертификаттауға байланысты рәсімдерді жүргізуге жұмсалған шығындар;

7) тауарларды теміржол және (немесе) автомобиль жолымен (Қазақстан Республикасы шегінде) жеткізумен байланысты шығындар.

Өтініштер келесі мекенжайда қабылданады:

Нұр-Сұлтан қаласы, Д. Қонаев көшесі 8, «Изумрудный квартал» бизнес орталығы (блок Б, 35 қабат), тел. +7 (7172) 98 37 81 (1078), email: www.kidi.gov.kz

  • 18.04.2019
  • 30

Пайдалы сілтемелер